• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТДҰА технопарктер мен конструкторлық бюролардың аукционын қайта өткізеді

ТДҰА технопарктер мен конструкторлық бюролардың аукционын қайта өткізеді

6 Тамыз, 2015 18:23
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ («ТДҰА» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) бәсекелі ортаға тапсырылатын кейбір объектілерін саудаға қайта шығарады, деп хабарлады «ТДҰА» АҚ.

Сауда саттықтың ағылшын әдісімен иеліктен шығарылатын кейбір үлестерге қатысты электрондық аукционы www.gosreestr.kz веб-порталында 2015 жылғы   11 тамыз күні өтеді.

 «Алгоритм» Технопаркі» ЖШС, сатылатын үлесі – 3,98%, үлес иесі – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, бастапқы бағасы – 35 031 244 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

 «Алгоритм» Технопаркі» ЖШС, сатылатын үлесі – 31,59%, үлес иесі – «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы – 262 743 844 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

«Сары-Арқа» технопаркі» ЖШС, сатылатын үлесі – 84,255%, үлес иесі – «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы – 462 766 038 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

 «Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ технопаркі» ЖШС, сатылатын үлесі – 53,66916%, үлес иесі – «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы – 210 955 684 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

 «Алтай» Шығыс Қазақстан технопаркі» ЖШС, сатылатын үлесі – 21,6 %, үлес иесі – «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы – 309 205 444 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

«Тау-кен-металлургиялық жабдықтарының конструкторлық бюросы»,  сатылатын үлесі – 100 %, үлес иесі – «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы – 688 410 084 тенге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

«Көліктік машина жасау конструкторлық бюросы», сатылатын үлесі – 100 %, үлес иесі – «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы – 577 535 001 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

Мүлікті иелігінен шығарған кезде сатып алушыға қойылатын ерекше шарттары қарастырылған, олар: объектілердің мамандыруын және қызмет түрлерін сақтау, жұмыскерлердің жұмыс орындарын сақтау.

Осы объектілерге қатысты алғашқы аукцион Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есеп орталығы» АҚ порталында үстіміздегі жылдың            7 шілдесінде өткізілген болатын. Әлеуетті сатып алушылардың болмауына байланысты аукцион өткізілмеді деп танылды.

Барлық жаңалықтар