• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Мемхатшысы ШҚО әйелдерін Ұлт жоспарын жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырды

ҚР Мемхатшысы ШҚО әйелдерін Ұлт жоспарын жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырды

6 Тамыз, 2015 17:16
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Шығыс Қазақстан облысына жасаған алғашқы сапарында өңірдің нәзік жанды өкілдерімен жүздесті.

Мелекеттік хатшының айтуынша, Ұлт жоспарын жүзеге асыруда әсіресе әйел азаматтардың рөлі зор.

Г.Әбдіқалықова әйелдер қоғамдастығының өкілдерімен жүздесті, олардың арасында мәслихат депутаттары, бизнес-қоғамдастық өкілдері, білім беру мен мәдениет мекемелерінің жетекшілері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. Кездесу барысында әйел азаматтардың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға белсенді атсалысулары, әйел кәсіпкерлерді қолдау, мемлекеттік және қоғамдық басшылық арасында әйел азаматтардың көп болуы, отбасылық-демографиялық саясат мәселелер сөз болды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы биылғы жылы іске қосылған Өскемендегі Қан орталығында болды. Заманға сай автоматтандырылған құрылғы зертханалық зерттеулердің сапасының жоғары болуына ықпал етіп, облыстың медициналық мекемелерін сапалы қанмен қамтамасыз етуде. Орталықта біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді. Медициналық қызметкерлердің 93 пайызы жоғары және бірінші дәрежелі мамандар, 7 маман АҚШ, Германия, Израйль, Ресей, Польша мемлекеттерінде біліктіліктерін арттырған.      

 

Барлық жаңалықтар