ШҚО-да заңсыз арқарларды атқан браконьерлер ұсталды - АШМ

6 Тамыз, 2015 20:04
ШҚО заңсыз арқарларды атқан үш браконьер ұсталды, деп хабарлады ҚР АШМ.

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аумағында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциясының қызметкерлері рейд барысында үш браконьерді қолға түсірді.

Тексеріс барысында арқардың 2 ұшасы мен 16 калибрлі мылтық анықталып, тәркіленді.Осы факт бойынша материалдар құқық қорғау органына жолданды.

Айта кетейік, Арқар халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» (IUCN) енген. Бүгінде арқарлар Қазақстанда сирек кездесетін жануарлардың қатарына жатады, олардың саны республика бойынша шамамен 14737 дарақты құрайды.

Барлық жаңалықтар