- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды
Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды
«Қазір Еуразиялық одақ аясында және БСҰ-на кіргенімізге орай бәсекелестік күшейе түсуде, сондықтан барынша сапалы әрі бәскеге лайық өнім шығаруға ұмтылу біз үшін аса маңызды. Болашақта «Қазақстанның үздік тауары» байқауы күш ала түспек. Өнеркәсіп және басқа да базалық салалар өнім шығаруда заманауи сұраныстың алдын орап кетуі тиіс, біз бүгін осыған талпынудамыз», - деді әкім.
Бүгінгі күні Алматының өнеркәсіп саласында 50 мыңнан астам адам қамтылған. Бірінші жартыжылдық ішінде жалпы сомасы 312 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, өсім - 4,3%, оның ішінде өңдеу өнеркәсі - 222 млрд. теңгенің бұйымын өндірген, өсім - 12,3%. 2014 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 8 трлн. теңгеден артты, бұл еліміздің ІЖӨ-нің 20%-ын құрайды. Қалада биылғы жылдың бірінші тоқсанында ЖӨӨ 9,2%-ға өсті. Алматы республикалық бюджеттің негізі қаржылық донорына айналған - бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мегаполис республика бойынша салық түсімінің 33%-ын қамтамасыз етті.
Әкім атап өткендей, қазіргі кезде қалада 3-ші Халықаралық Инвестициялық форум өткізудің дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Онда Алматының инвестициялық мүмкіндіктері, МЖК-ті одан әрі жетілдірудің механизмдері, кіші және орта бизнесті дамыту, ірі инвесторларды тартудың қажетті шарттарын айқындау сияқты өзекті мәселелер сөз болады.
Биыл өңірлік байқауға 100-ден астам алматылық тауарөндірушілер қатысты. Байқау қорытындысында үш номинация бойынша бірінші орынды «Hyundai Trans Auto», «LG Electronics Almaty Kazakhstan» компаниялары мен «Рахат» АҚ-ы жеңіп алды. Өңірлік байқау жеңімпаздары Астана қаласында биылғы жылдың желтоқсан айында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесіне қатысады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу