- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандарға нысандардың қаншалықты қолжетімді екені тексерілді
Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандарға нысандардың қаншалықты қолжетімді екені тексерілді
«Арай-Холдинг» компаниясы – ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру мен өңдеуге, халықтың тұтынуы мен қызметіне арналған сапалы тауарларды сатуға мамандандырылған көп салалы, ірі агроөндірістік Холдинг. Компания кәсіпорындарында 3 мыңнан астам адам еңбек етеді.
Кәсіпорында «Нұр Отан» партиясының 252 мүшесі бар, Қостанай облысындағы ең ірі бастауыш партия ұйымдарының бірі «Арай-Холдинг» ЖШС әрекет ететінін айта кеткен ләзім.
«Арай-Холдинг» ЖШС БПҰ «Бақытты балалық» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасына қатысады. Атап айтсақ 2013 пен 2014 жылдар аралығында 12 балаға көмек көрсетілді.
«Біз бірнеше партиялық жобаларды да іске асырамыз. Мысалы, «Ардагерлерді ардақтайық» пен «Кедергісіз келешек». «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын іске асыру шеңберінде 2013 жылдан бері ҰОС қатысушылары мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс Күнімен құттықтап, демеушілік көмек көрсетіп келеміз. «Кедергісіз келешек» жобасының шеңберінде біз 4 мүгедекті қабылдадық. Олардың екеуі - Павел Сидорчук пен Алексей Лукутин спортпен шұғылданады және республикалық пен халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте чемпиондары болып табылады», - деді «Арай» ЖШС бастауыш партия ұйымының төрағасы Абылайхан Демесінов.
Сондай-ақ «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде «Арай» ЖШС бастауыш партия ұйымының қызметкерлері 2015 жылдың маусымында мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс орындарына рейд жүргізді.
«Рейд барысында жұмыс жағдайлары мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың жүріп-тұруы үшін нысандардың қолжетімділігі тексерілді. Комиссияның кәсіпорын басшылығының жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасағанына көзі жетті», - деп атап өтті Абылайхан Демесінов.
-
Мұқағали Мақатаевтың тағлымды мұрасы қаншалықты бағаланып жүр -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді -
Тоқаев: Азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады -
Отандық QazVac вакцинасы қаншалықты тиімді -
Ұлт саулығы Ұлттық кеңестің назарында -
Мектептегі «экологиялық білім» пәні экологиялық мәселелерді шешуге қаншалықты әсер ете алады -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
Қорғаныс министрлігі: Оңтүстік-шығыстағы әскердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді -
Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру мүмкіндігі -
Зейнеткер және қандас куәліктері енді eGovMobile қосымшасында қолжетімді -
Сайлау тәуелсіз Қазақстанның демократиялы ел екенін айқындайды -
Мәжілісте өндірістік секторды қолжетімді қаржыландыруды мақұлдады