Алматы облысында түйе шаруашылығы мемлекеттік қолдауға ие болды

6 Тамыз, 2015 06:09
Алматы облысының Көксу ауданында түйе шаруашылығы мемлекеттік қолдауға ие болды, деп хабарлады «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ.

Кәсібін жақында ашқан Мейірбек Отарбай өз жануарларын бағу бойынша қиындыққа душар болған. Аудан әкімдігінің қолдауымен «Мейрамбек» ЖК-ға түйе жайылатын 500 га жер бөлді.

М.Отарбай атап өткендей, 7 млн теңге несиені алу үшін өтініш тапсырған. Жобаны Алматы облысының әкімдігі де қолдады. Оның пайыздық үстемесі 6,5 пайызға тең, «Даму» қоры БЖК-2020 бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында 5,3 млн теңге кепілдігін ұсынды.

Бүгінде М.Отарбайдың түйе басы  30-ға жетті.Күн сайын 10 түйе 60 литр шұбат береді. Өнім қажеттілігі жағынан қымызға дес бермейді.

 

Барлық жаңалықтар