Маңғыстау облысында жыл соңына дейін жолдардың 80 пайызы жөнделеді

6 Тамыз, 2015 14:47
Маңғыстау облысында 2015 жылдың соңына дейін жолдардың 80 пайызы жөнделеді, деді өңірдің әкімдігінде Тасымалдау көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы жетекшісінің орынбасары Тұрбек Спанов.

Ол атап өткендей, облыс бойынша жөндеу жұмыстары: «Ақтау – Шевченко Форт», «Ақтау-Ташық-«Қаламқас» кен орны, «Жаңаөзен – Қызылсай-Бекет-ата», «Сыңғырлау-Сам-Ноғайлы – Тұрыш», «Шетпе-Қызан» бойынша өтеді.

«Бүгінгі таңда жұмыс аталған бағыттар бойынша аяқталуға жақын. Жолдардың дәреесінің көрсеткіші  қанағаттанарлық жағдайда, 40 пайыздан 22 пайызға төмендеп кеткен, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 16 пайызға дейін төмендейді. Бұл өте маңызды көрсеткіш. Сондай-ақ, негізгі жөнделетін жолдар 20 млн теңгеден артық аспайды», - деді Т.Спанов.

 

Барлық жаңалықтар