• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап, жұмыс берушілерді 5 пайыз көлеміндегі зейнетақы төлеуге міндеттейді – ҚР ДСӘДМ

2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап, жұмыс берушілерді 5 пайыз көлеміндегі зейнетақы төлеуге міндеттейді – ҚР ДСӘДМ

6 Тамыз, 2015 13:05
2018 жылдың 1-қаңтаранын бастап, зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысты заң негізінде жұмыс берушілер 5 пайыз көлеміндегі зейнетақыны төлеуге мәжбүр болады, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова министрлікте өткен брифингте.

«2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап, зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысты заң негізінде жұмыс берушілер 5 пайыз көлеміндегі зейнетақыны төлеуге мәжбүр болады. Жұмыс беруші өзінің әрбір қызметкерінің кірісінің 5 пайызын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын болады. Аталған зейнетақылық төлемдер әрбір азаматқа жеке ашылатын шартты зейнетақы есептерінде аккумуляцияланады және бұл зейнетақылық міндеттемелер болады. Осы талаптар бойынша, төлемдердің мөлшері белгіленеді. Төлемдер зейнетке шыққаннан кейінгі өмір сүру ұзақтығы, жинақ көлемі мен оған қатысу уақыты сияқты көрсеткіштер бойынша қалыптасады»,-деді С.Жақыпова.

Сонымен қатар, жаңа тәртіп пен осы тетіктің өзі зейәнетақы төлеу жүйесіне кемінде 5 жыл қатысуды талап етеді, бұл 60 күнтізбелік ай деген сөз, егер қандай да бір азамат зейнетақылық жүйенің 5 жылдан кем қатысушысы болса, оған төлем жасалмайды.   

«Зейнетақылық жинақтаулардың аталған сомасы жеке иелікте болады және оны ешкімге мұраға қалдыруға болмайды. Төлемдер жинақ қорынан адамның өмірінің соңына дейін төленеді. Мысалы ер азамат өзінің 10 пайыз зейнетақылық салымдарынан 3 млн теңге жинады делік, төлемдер осы 3 млн біткенше төленеді. Егер бұл сома бітіп қалған болса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленбейді. Ал жұмыс берушінің есебінен төленген жинақтаулар Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорынан адамның өмірінің соңына дейін төленеді»,-деп түсіндірді вице-министр.     

Бұған қоса, ведомство өкілдері зейнет жасына дейін өмір сүрмеген азаматтардың зейнетақылары зейнетақылық төлем алуға құқы бар болашақ зейнеткерлерге бөлінеді.  

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар