• Басты
  • Жаңалықтар
  • 5 мыңнан астам ШОБ 1 трлн 37 млрд теңгенің субсидиясына ие болды – «Даму» қоры

5 мыңнан астам ШОБ 1 трлн 37 млрд теңгенің субсидиясына ие болды – «Даму» қоры

6 Тамыз, 2015 12:49
Қазақстанда 7 пайыздық үстемемен 5475 ШОБ субъетісі субсидияға ие болды, олардың құны 1 трлн 37 млрд-қа тең, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Ғабит Лесбеков.

«Астана қаласының  өңірлік қаржыландыру бағдарламасын іске асыруға қала әкімдігі – 500 млн.теңге, «Даму» Қоры – 1 млрд.теңге бөлді. Аталған бағдарламаға өз жобаларын Астана аумағында іске асыруды жоспарлайтын және /немесе іске асырып жүрген Астана кәсіпкерлері қатыса алады», - деді ол.

Олар үшін несие сомасы 20 млн.теңге, сыйақы мөлшерлемесі – жылдығы 7%. «Даму» Қоры ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерге несие сомасынан 85% дейін көлемде кепілдік береді. Қазіргі уақытта аталған бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі банктермен Несиелік шарттарға қол қоюлар жүргізілуде.

Сонымен қатар салалық және өңірлік шектеуліктер қарастырылмайтын кепілдендірудің баламалы бағдарламасы әзірленуде.

«Моно және шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлер үшін 750 млн.теңгеге дейінгі несие бойынша жылдығы 14% аспайтын жалпы мөлшерлеменің 10% мемлекет субсидиялайды.  Басым секторлардағы кәсіпкерлер үшін «Даму» Қоры 7% субсидиялайды, ал өңдеу өнеркәсібіндегілер үшін 4,5 млрд.теңгеге дейінгі несие бойынша жалпы мөлшерлемесі 14%-дың 10% субсидиялайды»,-  деді ол.

Соңғы 6 айда 10% кем емес валюта түсімі бар экспортшылар үшін егер несие теңгелей болса, жалпы мөлшерлеменің 14% -нан 6% дейін немесе егер несие шетелдік валютада болса жалпы мөлшерлеменің 12%-нан  5% дейін мемлекет субсидиялайды.

Барлық жаңалықтар