- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да Абай туралы деректі танымдық фильмнің тұсауы кесілді
ШҚО-да Абай туралы деректі танымдық фильмнің тұсауы кесілді
«Абай әлемі» атты тұңғыш энциклопедиялық порталы Елбасының қолдауымен, Мемлекеттік тілді дамыту қорының тапсырысымен ашылған. Жоба аясында «Абайдың ұлы жұмбағы» атты деректі фильмі түсіріліп, көрерменге жол тартты. Игі бастама Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа бейбітшілікті сақтауда және дамытуда қосқан елеулі үлесі үшін табысталған әлемдік «Жібек Жолы» сыйлығының қаражатына жүзеге асырылған. Деректі фильмді түсірген «Серпер» жастар сыйлығының, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Ақберен Елгезек пен «Tengri Films» кинокомпаниясы. Жаңа туындыда көрермен қауым Абайдың жаңа қырын біліп, алған білімі, шығыс тәрбиесі жайлы құнды деректермен танысады.
« Абайдың 170 жылдығын өткізуде негізгі екпінді мағыналық, тәрбиелік жағына қоюдамыз. Елбасымыз «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз» деп айтып өткен. Осы орайда Абай шығармаларын көптеген тілдерге аударып, тың мәліметтер жинап, халыққа таратып, жастардың санасына сіңіріп, Абайды дәріптеу арқылы, қазақ халқын дәріптейміз. Сондықта, биылғы 170 жылдық мерейтой осымен ерекшеленеді», – деді ШҚО әкімінің орынбасары Ж. Омар.
Семей қаласында өткен тұсаукесер рәсіміне шетелдік жетекші әдебиеттанушылар, философ, тарихшылар, тіл мамандары мен Абай шығармаларын әлем тілдеріне тәжімалаған шетелдік аудармашылар қатысты.
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Абай жылының айшықты тұстары -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы