• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сарапшы жас мемлекеттерге ҚР Конституциясын дамудың сәтті үлгісі ретінде пайдалануды ұсынды (ВИДЕО)

Сарапшы жас мемлекеттерге ҚР Конституциясын дамудың сәтті үлгісі ретінде пайдалануды ұсынды (ВИДЕО)

6 Тамыз, 2015 12:41
Қазақстан Конституциясы жас, енді дамып келе жатқан мемлекеттер үшін үлкен тәжірибе болуы тиіс, деді «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» үкіметтік емес ұйымының өкілі Ермек Абдрасулов Strategy2050.kz. ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

«Тәжірибе Қазақстанның экономикалық, идеологиялық, саяси дамуында маңызды рөл атқарды. Қазақстанның жетістіктері туралы сөз еткенде, яғни еліміздің дамыған 50 елдің қатарына еніп, бәсекеге қабілетті 30 мемлекетпен иық теңестіргісі келетіндігі туралы айтқанда, Конституцияның құқықтық жүйенің негізі ретінде үлкен жағымды рөл атқарғандығын айта кету керек»,-деді Е.Абдрасулов.  

Сарапшының сөзінше, Конституцияның тікелей әсері деген түсінік бар, алайда бұл заң бұзылған сайын біздің Конституцияға қайырылуымыз керек дегенді білдірмейді. «Егер біз Конституция талаптарына сәйкес келетін барлық заңдарды қабылдайтын болсақ, онда Конституция жүзеге асты деген сөз, оның ерекшелігі де сонда. Егер мемлекеттік органдар мен олардың арасындағы байланыс тетіктері жақсы жұмыс істейтін болса, онда заңда көрсетілген нормалар тиімді жүзеге асады»,-деді сарапшы.

Оның сөзінше, халықтың әл-ауқатының жақсаруы Конституцияға байланысты болған.       

«Азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың санының артуы сияқты мәселелердің барлығы Конституция нормаларының негізінде қалыптасқан және ол осындай құқықтарды қалыптастыруға ықпал етеді. Меніңше, еліміздің басты заңының әлеуеті сарқылған жоқ. Жалпы алғанда, қоғамды жаңғыртумен байланысты қандай да бір өзгерістер енгізілуі мүмкін. Меніңше, біздің Конституция өзге жас мемлекеттер тәжірибе ретінде пайдалануға болатындай маңызды рөлге ие»,-деді Е.Абдрасулов.   

Ботагөз Айтжанова

 

    

Барлық жаңалықтар