- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында тәулігіне 40 тонна ет өндіретін комбинат ашылады
Жамбыл облысында тәулігіне 40 тонна ет өндіретін комбинат ашылады
Бектөбе ауылында орналасқан комбинат "Халал" тағамдар стандартына сәйкес келетін ет өнімдерін шығармақ. Зауыт өз жұмысын бастаған кезде 153 адам жұмыспен қамтылады. Кәсіпорын құрылысына 2560 млн. теңге қаржы жоспарланған. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмысының 85-90 % аяқталған. Комбинаттың құрал-жабдықтары қыркүйек айында Қытай елінен әкелінбек.
Сондай-ақ аймақ басшысы бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. "Амангелді" шаруа қожалығы 72 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен пияз еккен. Шаруашылық басшысы Қасымхан Қанаевтың айтуынша, егістіктің әр гектарынан 120 тонна өнім алу жоспарлануда.
Ал "Сады Востока" ЖШС 2015-2017 жылдар аралығында 60 гектарға интенсивті алма бағын, 40 гектарға жеміс ағаштары питомнигін және 17 гектарға жеміс-жидек дақылдарын егуді жоспарлауда. Бүгінде серіктестіктің 24 гектарға интенсивті бақ отырғызуға арналған өтініші «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы мақұлданды. Польша мемлекетінен алма көшеттері алынып, отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны -132,9 млн. теңгені құрайды, 20-35 жұмыс орны ашылады.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында облыс әкімі тамыз айында пайдалануға берілетін "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" дәлізінің Жамбыл ауданы арқылы өтетін айналмалы жол құрылысымен танысып, панельді үйлер шығаратын "Бином" ЖШС, "Амангелді" ГӨЗ ЖШС, Орталық Азия газ құбырының қысымын реттейтін станцияда болды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді