- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: ОҚО-да екі шағын зауыт пен балықты қайта өңдеу цехы салынуда
ИИДМБ: ОҚО-да екі шағын зауыт пен балықты қайта өңдеу цехы салынуда
ОҚО-да 27 тауарлы-балық шаруашылығы құрылатын болады. Алдағы үш жылда балық өңдеу көрсеткішін 3 800-ден 8 мың тоннаға дейін ұлғайтып, дайын өнімді Еуропаға жөнелту жоспарлануда. Биылғы жылы «Максимум» жобасын жүзеге асыру үшін 400 млн теңге қарастырылған. 2016-2017 жылдары қосымша 1 млрд теңге бөлінетін болады.
«Аталған бизнес түрімен айналысқысы келетін әрбір кәсіпкер жеңілдікпен 5 жылға несие ала алады. Ал, келесі жылдан бастап, балық өнімдері бағасын төмендету үшін облыстық бюджеттен субсидияларды төлеу үшін 300 млн теңге бөлінеді. Аталған шаралар балық шаруашылығын дамытуға жаңа серпін береді»,-деді облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев.
Шардара ауданында екі балықты қайта өңдеу зауыты мен балық өңдеу цехы жұмыс істейді. Олар «Хамит» ӘКК-сы мен «Шардара-1». Бұл кәсіпорындар өткен жылы 3 мың 600 тонна өнім өндірді. ИИДМБ аясында екі шағын зауыт пен балықты қайта өңдейтін цех салынуда. Олар іске қосылған жағдайда қосымша 700 тонна балық өнімдері өндіріліп, 85 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады. Бүгінде осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлер ілкі жоба ретінде Шардара су қоймасы мен тоғандарда балық өңдеуде.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда