- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысының судан зардап шеккен тұрғындары үшін 100 тұрғын үй салынуда – әкімдік (Фото)
Ақмола облысының судан зардап шеккен тұрғындары үшін 100 тұрғын үй салынуда – әкімдік (Фото)
Бүгінде құрылыс орнына барлық қажетті техника жеткізілген, бұл жерде шамамен жүзден астам адам күні-түні тынбай еңбек етуде. Әр үйдің тұрғын аумағы 83,6 шаршы метрді құрайды. Жоба бойынша қажетті барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қарастырылған. Әр үйге тиесілі 10 сотық жер қоршаумен бекітіліп, 25 шаршы метр жерге сарай салу жоспарлануда.
Облыс әкімі іргетасы тез қарқынмен қаланып жатқан жаңа үйлерді өз көзімен көрді. Бүгінгі күні 83 үйдің іргетасы қаланып, 47 үйдің қабырғасы монтаждалған, 11 үйдің төбе жабындысы бекітіліп, монтаждалған, 30 үйдің алды кірпіштен қаланған. Үйлерге су құбырлары жүргізілген. Сергей Кулагин зардап шеккендер үшін қажетті тұрғын үйдің құрылыс сапасы мен тапсыру мерзіміне көңіл бөлуді тапсырды. Тұрғындардың алғашқы бөлігі ағымдағы жылдың қыркүйек айының екінші жартысында қоныстанады деп жоспарлануда.
Әрі қарай Оразақ ауылында Сергей Кулагин бөгет пен жол және орта мектеп үшін жаңартылып жатқан кешен құрылысы барысымен танысып, ескі оқу орны ғимаратында жергілікті тұрғындармен кездесті.
Өңір басшысы тұрғындарды шыдамдылық танытуға шақырып, мүмкіндігінше құрылысшыларға көмектесуді тапсырды. Атап айту керек, жақында тек Оразақ ауылы тұрғындары ғана емес, Ағанас және Шнет ауылдарының судан зардап шеккен тұрғындары да қоныс тойларын тойлайтын болады. Олар үшін осы ауданның Ақмол және Қосшы ауылдарында екі 45 пәтерлі үйлер салынуда. Облыс әкімі осы нысандардың да құрылыс барысымен танысып, жұмыс қарқынына риза болды.
Целиноград ауданы ауылдарының көшелерінде жүрген облыс әкімін көрген халық, оған жақындап өздерінің көкейлерінде жүрген түрлі мәселелі сұрақтарын қоя алды. Сергей Кулагин әр сұрақ бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі