Қазақстанда жекешелендіру бойынша 191 нысан сатылды – Қаржы министрлігі

6 Тамыз, 2015 09:42
2015 жылдың 4 тамыздағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 355 объекті шығарылды, деп хабарлады Қаржы министрлігі

2014-2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 493 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың тамыздағы кезеңінде 389 объекті жекешелендіруге жатады.

2015 жылдың 4 тамыздағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 355 объекті шығарылды, оның ішінде 191 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша – 10, коммуналдық меншік бойынша – 83, ӘКК – 56, холдингтер бойынша – 42.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 2 730 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 273 млн. теңгеден астам, Холдингтер 60 835 млн теңге, ӘКК 2 917 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша  барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың тамыздағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 21 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 4 тамыздағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 21 объекті шығарылды, оның ішінде 10 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 242 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың тамыздағы кезеңінде 197 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 4 тамыздағы жағдайы бойынша 181 объекті шығарылды, соның ішінде 83 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014-2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 110 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың тамыздағы кезеңінде 95 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 77 объекті сатуға қойылды, 56 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014 – 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 объекті жекешелендіруге жатады, 3 тамыздағы жағдайы бойынша жоспарланған 77 объектінің 76 объектісі сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 42 объект сатылды.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар