• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісмен Ақтөбе облысының тұрғындарына Ұлт жоспарының жүзеге асуын түсіндірді

Мәжілісмен Ақтөбе облысының тұрғындарына Ұлт жоспарының жүзеге асуын түсіндірді

6 Тамыз, 2015 09:08
Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Әмірхан Рақымжанов жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барып, әлеуметтік нысандарды аралады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Мәжілісмен ауылдық  жаңғыртылған нысандарды қарады, өткен жылы салынған мектепте болды. Аудан орталығында Ә.Рақымжанов «Нұрлы болашақ» балабақшасына барды.

Тағы бір нысан орталық стадион болды, ол 72 көрерменге шақталған. Спорт алаңының техникалық бағыты спорт бойынша өтетін шараларды жоғарғы дәрежеде ұйымдастыру. Футбол алаңының көлемі 105х65 метр. Халық қалаулысы салауатты өмір салтын қалыптастыруға кеңес берді.

Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы, Елбасының 100 нақты қадамы жайында Ә.Рақымжанов «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында түсіндірді. Дағдарысқа қарсы шаралар мен келісім мен бейбітшілікті сақтау маңыздылығы тілге тиек болды. Сондай-ақ, арихи-мәдени нысандарды аралап, «Қобыланды батыр» мазары мен «Әлия» тәрбе беру орталығына барды. 

Барлық жаңалықтар