• Басты
  • ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанға индустриалды-инновациялық дамуды қамтамасыз ете алады - сарапшы (ВИДЕО)
5 Тамыз, 2015 17:36

ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанға индустриалды-инновациялық дамуды қамтамасыз ете алады - сарапшы (ВИДЕО)

ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанға индустриалды-инновациялық ілгерушілікті қамтамасыз ете алады, деп ағынан жарылды Еуразиялық интеграция институты экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов «Strategy2050.kz» АА студиясында берген эксклюзивті сұхбатында.
ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанға индустриалды-инновациялық дамуды қамтамасыз ете алады - сарапшы (ВИДЕО)

«ЭКСПО-2017 мақсаты  энергия болашағы. Бүгінде біз «жасыл» экономика туралы айтып отырмыз, оның мағынасы энергия мен экономиканы жаңарту. Экологияға залал келтірмейтіндей жұмыс жүйесін құру керек.  Жаңа экономканың түріне көшу барлық қазақстандықтарды тартады»,  - деп атап өтті В.Тельнов.

Оның айтуынша, халықаралық көрменің арқасында Қазақстан халықаралық тәжірибе жинақтайды.

«Біз осы саладағы барлық мамандарды шақырамыз. ЭКСПО-2017 одан ары дамудың, алға ілгерілеудің нүктесі болуы мүмкін.  Болашақта олармен бірлесіп өндіріс құра аламыз, ол инустриалды-инновациялық ілгерушілікті қамтамасыз ете алады», - деді  В.Тельнов.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар