Қостанай облысында қыркүйек айында индустриалды аймақ ашылады

5 Тамыз, 2015 16:47
Қостанай облысында алғашқы индустриалды аймақтың ашылуына бір айдан аз уақыт қалды, деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП баспасөз қызметі.

Аталып өткендей, индустриалды аймақ Жетіқара ауданында ашылады, онда жаңа жобаларын орналастыру үшін сегіз кәсіпкер өтініш беріп үлгерген.

Аудан әкімі Мейрам Өтешов хабарлағандай, индустриалды аймақтың аумағы 76,2 га, оның ішінде 63 га  бұл бизнес үшін берілетін жер телімдері. Оның басты ерекшелігі жаңа кәсіпорынның жұмыс істеуі үшін барлық коммуникациялық желілер жүргізілген. Су, газ, электр жарығы мен кәріз тартылған.

Бүгінгі таңда, автожол төсеу жұмыстары аяқталуда, 2017 жылға қарай теміржол желісі де жүргізілетін болады. Ол өз кезегінде жергілікті кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктер береді.

«Біздің басты ерекшелігіміз біз Ресей Федерациясына жақын орналасқанбыз. Ең жақын кеден бекеті қаладан 25 км қашықтықта орналасқан. Біз Челябі мен Оренбург облыстарымен көршіміз, осылаша бзге Оралдың нарығы ашық. Бұған дейін қалада бизнес үшін бос алаң болмады, инветорларға ұсынар дүниеміз жоқ еді. Индустриалды аймақты құру  Елбасының тікелей тапсырмасы. Кәсіпкерлер алдында үлкен мүмкіндіктер ашылуда»,  деп баса айтты М. Өтешов.

Айта кетерлік жайт, жер телімдері қайтарымсыз берілетін болады. Жер телімін ұсынудың екі жолы қарастырылған. Алғашқысы 49 жылға жалға беру болса, екіншісі ҚР сәйкесінше заңына сәйкес кейбір салық төлемдерінен босату. Бүгінде индустриалды аймақ шартты түрде 18 учаскіге бөлінген, олардың әрқайсысы шамамен 2,5 га әр өтініш берушіге.

Алайда жер телімінің ауданы жобаның мазмұнына қарай өзгереді, яғни кішірейеді немесе ұлғайтылады. Жер телімін беру шарттарын арнайы комиссия қарастыруда.

«Бүгінде 8 өтініш келіп түскен. Бірінші кезекте ауыл шаруашылығы, өсімдікі шаруашылығы салаларындағы қайта өңдеу жобаларына басымдылық берілуде. Үш өтініш берушінің қолында бизнес жоспары бар, тағы үшеуі бойынша жоба қарастырылу барысында»,  деді М. Өтешов.

Барлық жаңалықтар