Қызылорда облысының 4 ауданын газдандыру жыл соңына дейін аяқталады

6 Тамыз, 2015 08:37
Қызылорда облысын кешенді газдандырудың І-кезеңінде 21 елді мекенді «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету жоспарлануда. Оның ішінде 4 аудан орталығы жыл соңына дейін толық газдандырылады деп күтілуде, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы орайда, облыстық бюджеттен 2015 жылға 356,7 млн теңге қаржы бөлініп, бірнеше елдімекенге ортақ АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан газ құбыры-бұрпының құрылысының және Жақсықылыш кентін газдандыру бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Бүгінде облыс орталығының 92 пайызы тілеспе газбен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда Арал ауданы, Айтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері және Байқоңыр қаласы бойынша газдандыру жұмыстары қарқынды. Сондай-ақ Қарауылтөбе мен Белкөл елдімекендерін газдандыру бойынша жобасы жасалып, үкіметте қаралуда.

«Қазтрансгаз» АҚ-ның Қызылорда бойынша филиалы директорының орынбасары Қайнар Нұрлыбаев хабарлағандай, бүгінгі күннің өзінде 2500 тұрғын газ орнатуға арыз берген. АҚ мен «Хоум кредит», «Каспий банк», «Еуразия банкі» арасында келісім-шарт жасалып, тұтынушыларға қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, «Қазтрансгаз» тарапынан 45 пайыздық жеңілдіктер де қарастырылған.

Барлық жаңалықтар