• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлт Жоспары: ҚО Жоғарғы сотының өкілдері еліміздің аймақтарында елдің сот жүйесіндегі реформаларқа қатысты түсініктеме берді

Ұлт Жоспары: ҚО Жоғарғы сотының өкілдері еліміздің аймақтарында елдің сот жүйесіндегі реформаларқа қатысты түсініктеме берді

5 Тамыз, 2015 17:19
Павлодар, Шығыс-Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының облыстық соттарында Мемлекет басшысының «100 қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру мен насихаттау жұмыстары бойынша, арнайы өңірлік ақпараттық форумдар өтті, деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Бұл шараларға облыстық соттар мен соттардың алқа төрағаларының, аудандық сотар мен оларға теңестірілген судьялардың, сондай-ақ өңірлердегі құқық қорғау органдарының, кәсіпкерлердің қатысуымен өтті.

«Заң үстемдігін қамтамасыз ету» атты екінші реформаның негізінде елдің құқықтық жүйесін дамыту бойынша 19 нақты қадам белгіленген. Олардың 11 қадамы елдің сот жүйесін реформалауға бағытталған.

Айта кетейік, алдағы уақытта еліміздің сот жүйесі үшдеңгейлі жүйеге көшеді, судья лауазымына үміткерлердің жас ерекшеліктері 25-30 жас аралығында, бұл ретте олардың жұмыс тәжірибелері сот өнідірісімен байланысты салада 5 жылдан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ судьялауазымына кандидаттардың біліктіліктері мен білімдерін тексеру  үшін ситуациялық сынақтар енгізіліп, қайта сайланған судьялар үшін бір жыл сынақ мерзімі белгіленеді. Жаңалықтардың арасында Мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Әділ сот институтының Жоғарғы сотқа көшуін айтуға болады. Оның жұмысы үш бағытта жүреді: магистратура, судья лауазамындағы азаматтардың біліктілігін арттыру мен ғылыми-зерттеу қызметі.        

Реформалар сот алқасына да қатысты болады, олардың құрамында тәртіптік және біліктілік алқасы болады. Алқа сынақ мерзімін аяқтаған судьялардың  кәсіби деңгейіне баға береді.  Жоғарғы сот өкілдері сонымен қатар, сот өндірісінде орын алғалы отырған өзге де жаңалықтар туралы айтып берді. Солардың бірі Жоғарғы сотта инвестициялық істер жөніндегі арнайы алқы мен халықаралық консультативті кеңес ашылады. Бұл бағыттағы заң жобалары биылғы жылдың 1-қыркүйегіне дейін дайындалатын болады. Сонымен қатар, тағы бір жаңалық енді азаматтық сот өндірісіне прокурорлардың қатысуы шектеледі. Прокурорлар тек сот немесе прокурордың жеке өзі сұраныс білдіргенде ғана, қаралатын іс мемлекет мүддесімен байланысты болғанда, өздерін өздері қорғағысы келетін азаматтардың ісінде, сонымен қатар кең ауқымды тұлғалардың сұрауы бойынша қоғамның мүддесіне қатысты мәселелер қаралатын кезде қатысады.

Олар сонымен қатар, судьялардың жаңа этикалық кодексі, Жоғары сот кеңесі мен  судьялар мен Жоғарғы сот өкілдерінің санын арттыру мәселелері туралы айтып, сот лауазымдарына қатысты қойылатын талаптар бойынша егжей-тегжейлі әңгімеледі.       

 

   

 

 

Барлық жаңалықтар