- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан канадалық провинциялармен байланысын нығайтуда (Фото)
Қазақстан канадалық провинциялармен байланысын нығайтуда (Фото)
ҚР СІМ хабарлағандай, Фредерикто қаласына сапары барысында К.Жигалов провинция Лейтенант-губернаторы Джоселин Рой Вьеноның қабылдауында болып, Нью-Брансуиктың Премьерінің орынбасары Стивен Хорсмэнмен, табиғи қорлар, энергетика және таукен өндірісі министрліктерінің басшылығымен, «OpportunitiesNB» агенттігімен, Сент-Джон қаласы портының әкімшілігімен және провинцияның басқа өкілдерімен келіссөздер өткізді. Елші,сонымен қатар, Канададағы ең ірі «IrvingOil» компаниясының Сент-Джон қаласындағы мұнай өңдейтін зауытының жұмысымен танысып, Нью-Брансуик Университетінің профессорлық құрамымен кездесті.
Сапар Канаданың халықаралық сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарында маңызды рөлі бар канадалық провинциялармен Қазақстанның ынтымақтастығын тереңдетудің болашағы зор екенін растады. Тараптар энергетика, білім беру, кіші және орта бизнес деңгейінде жаңа өзара тиімді байланыс орнатудың жөнділігін атап өтті. Елшілікжақында осы мақсатта Қазақстан экономикасына жаңа инвестициялар тартудыкөздеген Қазақстандағы экономикалық мүмкіндіктер туралы іскерлік-анықтама басып шығарды.
Астанада алда өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі, сондай-ақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары Нью-Брансуик өкілдерінің елеулі қызығушылықтарын тудырды. Қазақстан мен Канаданың ұқсас жерлері көп, соның ішінде экономикалық құрылымдары және халықаралық құбылмалылық аясында екі елдің кез боларлық қатерлері ұқсас келеді. Сол себепті, басшылығымыздың осы қауіптерге қарсы тұру тәжірибесі мен іс-шаралары канадалық басшылығы тарапынан зор қызығушылық тудыруда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы