- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы 32 мың білім беру гранты берілді - ҚР БҒМ (ВИДЕО)
2015 жылы 32 мың білім беру гранты берілді - ҚР БҒМ (ВИДЕО)
«Бүгін біз Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның мәжілісін өткіземіз. Биылғы жылы жоғары оқу орындарында білім алулары үшін мемлекет тарапынан 32 мың грант бөлінді. Баршаға мәлім, биылғы жылы ҰБТ нәтижелері жоғары болды, оның нәтижесінде білім беру гранттарын тапсыру байқауына 67 мың жас қатысуда»,-деді А.Сәрінжіпов.
Білім беру гранттарын алуға байқау негізінде анықталған 60 жоғары оқу орны лайықты деп танылды.
«32 мың гранттың үштен бірі немесе 12 мың 500-і техникалық мамандықтарға беріледі, 6 мыңы педагогикалық, 2 мың 500-і ауыл шаруашылығы саласының мамандарын дайындау үшін берілетін болады. Тіл бойынша алатын болсақ, биылғы жылы гранттардың көлемі олардың тіл бойынша бөлінген көлем негізінде оқуға түсуге ниет білдірген жастардың санымен сәйкес келеді. Яғни, бізде қазақ тіліндегі мектеп бітіргендердің саны 78 пайыз болса, оларға бөлінетін гранттар да 78 пайыз. Қалғандары орыс тілінде білім алғысы келетін азаматтарға беріледі»,-деді министр.
Оның сөзінше, елден тыс аймақтардағы жағдайдың күрделі болуына қарамастан, мемлекет гранттарды өткен жылғы көлем бойынша бөлді.
«Осы тұрғыдан алғанда, меніңше, биылғы біздің нәтижелеріміз жаман емес. Елден сырт аймақта болып жатқан қиындықтарға қарамастан, мемлекет өткен жылдың көлемінде грант бөліп отыр. Бұл көрсеткіш төмендемейді. Осыған байланысты жоғары оқу орындарын «жақсы» және «өте жақсы» бітірген жастар мемлекет есебінен білім алуға мүмкіндік алып отыр»,-деді А.Сәрінжіпов.
Айта кететін мәселе, комиссия мәжілісінің қорытындысы бойынша, гранттарды бөлу жөніндегі ақпараттар Білім және ғылым министрлігі мен еліміздің жетекші сайттары және республикалық басылымдарда тізім бойынша жарияланады. Ақпарат жалпыға осы айдың ішінде қолжетімді болады.
Анар Тәңірқұлова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді