- Басты
- Жаңалықтар
- Шетелдік туристер шекаралық туристік нысандарды арнайы рұқсат құжатынсыз аралай алады – ҚР ИДМ
Шетелдік туристер шекаралық туристік нысандарды арнайы рұқсат құжатынсыз аралай алады – ҚР ИДМ
Осыған дейін хабарлағандай, хабарланғандай, "Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 356 қаулысына сәйкес көптеген шекаралық туристік нысандар 25 шақырымда шекаралық аймаққа кіріп немесе шығу, уақытша келу, мекендеу немесе қозғалудың белгіленген тәртібіне ие шекаралық режим таратылатын ҚХР шекаралас әкімшілік аудандардың аумақтары да кіріп кетті. Осы шара танымал туристік нысандарға шетелдік туристердің шелуін шектеді, ол үшін Сыртқы істер министрлігі беретін арнайы өткізу қағазы талап етілетін болды.
Осы ретте ҚР Инвестициялар және даму министрлігі шекаралық облыс әкімдіктерімен бірлесіп оларға қатысты жеке режимдік шектеулер қолданысын алып тастау немесе тоқтата тұру қажет, туристік қызығушылық танытатын нысандар мен орындар тізілімін анықтады.
Барлық пікірлер мен ұсыныстар алынып қарастырылғаннан кейін "Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 356 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді. Бүгінгі таңда Үкімет қаулысына ҚР Премьер-Министрі қол қойылып ресми жариялануға дайындалып жатыр.
Осы Қаулыға сәйкес осы аумаққа шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кіруі бөлігінде шекаралық режимнің қолданысы жойылатын шекаралық аймаққа кіретін шекуара маңы аумақтарының тізілімі бекітілді.
Осы үлгімен шетелдік туристер арнайы рұқсат қағазын алмай шекаралық аймақта орналасқан туристік нысандарға кедергісіз кіру мүмкіндігіне ие болды. Тізілімге Ұлкен Алматы көлі, Шарын, Жоңғар Алатауы ұлттық табиғи парктер, Көлсай көлі, Шымбұлақ тау-шағы шипажайы, Медеу, Көк Жайлау, Үстірт табиғи қорық, сондай-ақ Ақтау, Атырау, Орал, Риддер, Сарыағаш, Тараз және тағы басқа танымал туристік көрнекі орындар кірді.
Аталып өткендей, Үкімет қаулысы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күннен кейін күшіне енеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады