- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысындағы құс фабрикасы жұмыртқа өндірісін 3 есеге арттыруды жоспарлауда
Алматы облысындағы құс фабрикасы жұмыртқа өндірісін 3 есеге арттыруды жоспарлауда
Аталып өткендей, Алматы облысы Жамбыл ауданындағы «Сұңқар» құс фабрикасы жыл сайын 44 млн жұмыртқа өндіреді. Алайда, құс фабрикасы жақын арада өндіріс көлемін үш есе арттырмақшы. Бұл мақсатта алғашқы қадамдар жасалды. Фабрикада жеке жем зауыты салынды, енді жаңа құс қора тұрғызу жоспарлануда.
«Осыдан үші жыл бұрын құс фабрикасы жарты миллиард теңге несиеге бастан аяқ салынған болатын. «Бизнестің жол картасы - 2020» есебінен мемлекет мұнда барлық инфрақұрылымды тартып берді. Бүгінде құс фабрикасында 4 құс қора, бір төл қорасы бар, ал 170 мың мекиен тауығы жылына шамамен 150 мың жұмыртқа береді. Барлық тауар бірден жұмыртқаны іріктеу цехына жөнелтіледі. Онда оны голандиялық тенология бойынша іріктеп, санатына қарай бір жерге топтастырып жиналады, кейіннен Алматы мен облыстың және жақын аудандардың дүкендеріне жіберіледі», - делінген хабарламада.
«Сұңқар» Алматы құс фабрикасы» ЖШС коммециялық директоры Оксана Цойдың айтуынша, «құс фабрикасының құрылысы барысында «БЖК-2020» бағдарламасы аясында «Даму» қорының кепілдемесімен 278 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді».
Сонымен қатар, 2015-2017 жылдарда қосымша 7 құс қора қосып, жұмыртқа өндірісін жылына 130 млн данаға дейін жеткізу жоспарлануда.
Қордың мәліметі бойынша, құс фабрикасы болашақта өз өнімімен қазақстандық нарықтың басым бөлігін қамтамасыз етпекші.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция