- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Корея өзінің ЭКСПО көрмесін өткізу тәжірибесімен бөлісуді ұсынды
Оңтүстік Корея өзінің ЭКСПО көрмесін өткізу тәжірибесімен бөлісуді ұсынды

Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның басшылығы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Чо Енгчонмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Оңтүстік Кореяның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуын талқыға салды. Чо Енгчон ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның тек саясат пен экономика салаларының сәттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің өзге де салалардағы мәртебесін көтеретіндігін атап өтті. «Оңтүстік Корея көрмені 1993 және 2003 жылдары екі рет өткізді, оларды ұйымдастыру елдің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Осылайша, біз өзіміздің ЭКСПО өткізуден тәжірибемізді пайдалана отырып, сіздерге көмек қолын созып, өзіміздің білетінімізбен бөлісуді ұсынамыз»,-деді елші.
«Кореялық компаниялар ЭКСПО-2017 көрмесінің құрылысына қазірдің өзінде-ақ қатысуда. Біз көрмедегі жасыл алаңқайлар мен медиа-қабырлағаларды жабдықтауда Samsung Electronics Central Asia компаниясының технологияларын пайдалануда тиісті жұмыстарды бастап кеттік. Samsung Electronics Central Asia компаниясының технологиялары сонымен қатар, көрменің ақпараттық инфрақұрылымын жобалауда «Транстелеком» акционерлік қоғамы да пайдаланда. Екі елдің арасындағы ынтымақтастық жемісті болады деген ойдамын, кореялық компаниялардың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы бізге тек қазақстандық нарықпен ғана қатынас орнатып қоймай, ТМД мен Азия нарықтарына да шығуға мүмкіндік береді»,-деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның Халықаралық қатынастар департаментінің бастығы Марат Нұрашев.
М.Нұрашев ынтымақтастық пен одан әрі де көрмеге қатысу үшін тиісті келісімдерге қол қою үшін Оңтүстік Кореяның ұлттық секциясының комиссарын тағанайындаудың маңызды екендігін атап өтті. Оңтүстік Корея паваильонының көлемі 1 137 шаршы метр аймақты алады және ол көрме кешенінің қақ ортасында орналасады деп жоспарлануда.
Кездесу соңында М.Нұрашев Корея тарапын биылғы жылдың күзінде өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларымен болатын жиынға қатысуға шақырды. Онда көрмеге қатысушылармен келісім жасалып, көрменің ағымдағы дайындық деңгейі таныстырылатын болады.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары
-
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”
-
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті
-
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері
-
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па
-
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті
-
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы
-
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер
-
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика
-
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар
-
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция
-
Пандемияға 1 жыл: Той-томалақ өткізу көбейе берсе, коронавируспен күресіміз жалғаса береді - пульмонолог
-
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі

