• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Ресейдің танкішілері «Танк биатлоны» жарысында көш бастап тұр (Фото)

Қазақстан мен Ресейдің танкішілері «Танк биатлоны» жарысында көш бастап тұр (Фото)

5 Тамыз, 2015 11:06
Бүгінгі таңда екінші кезеңнің қорытындысы бойынша «Танк биатлоны» жарысының көшбасшылары Қазақстан мен Ресейдің танк экипаждары болып табылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Қазір командалар теңбе-тең келе жатыр. Оларды бірнеше ұпай ғана бөліп тұр. Бірінші кезеңде танкішілеріміз бірінші орында болғанын естеріңізге салайық, біздің командамен бірге екінші орынға Ресей табан тіреді.

«Бірінші экипаждар кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан бірінші орын алды, екінші орын ресей құрамасына бұйырды, ал үшінші орынға Армения табан тіреді.  Әр кезеңде не болатыны белгісіз, нәтижелер, көшбасшылар мен аутсайдерлер өзгеруі мүмкін. Экипаждар арасындағы күрес қыза түсуде, осы армия ойындарында үздік деген атаққа күресу үшін барлығы күш-жігерлерін салуда», - дейді халықаралық армия ойындарының бас төрешісі генерал-майор Дмитрий Горбатенко.

 Бұған қарамастан шеберліктің жоғары деңгейін көрсете отырып, командамыз алға қарай ілгерілеп келеді. Жарыстың үшінші орнында Армения, төртінші және бесінші болып Үндістан және Қытай,  әрі қарай Сербия, Қырғызстан, Кувейт, Моңғолия, Тәжікстан, Венесуэла, Ангола және Никарагуа.  13 қатысушы команданың әрқайсысы екі жеке кезеңнен өтті. Бүгін және ертең үшінші кезең өтеді. 6 тамызда «Танк биатлоны» жартылай финалы мен финалда бақ сынауды жалғастыратын  жеке жарыстардың көшбасшылары және сегіз үздік команданың аты аталатын болады.

 

Барлық жаңалықтар