• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылы Қазақстанда ауыр жүктерді тасудың арнайы рұқсатын беру 20%-ға артты

2013 жылы Қазақстанда ауыр жүктерді тасудың арнайы рұқсатын беру 20%-ға артты

23 Қазан, 2013 11:27
Ағымдағы жылдың 9 айында Көліктік бақылау комитеттерінің аумақтық органдары ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне 27 850 арнайы рұқсат (АР) берді, ол 20 пайызға артты, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2013 жылдың 9 айында Көліктік бақылау комитеттерінің аумақтық органдары ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне 27 850 арнайы рұқсат (АР) берді. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл сан 21 646 болатын», - деп хабарламада нақтыланған.

«Биыл біз айыппұл деңгейін көтердік. Бұрын ол 10-50 АЕК құраса, қазір оның көлемі 200-1000 АЕК аралығында болды»,  – деп атап көрсетті Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары  Әсет Асавбаев. 

Арнайы рұқсат нақты АКҚ-на бір рейске берілетіндігін еске саламыз. Бір типті ірі габаритті және (немесе) салмағы ауыр жүктерді бекітілген маршрутпен тасымалдайтын жағдайда бірден бірнеше рейске мерзімі алты айға алуына болатындығын атап өткен жөн.

 

Барлық жаңалықтар