- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында балық экспорты дамуда
Қызылорда облысында балық экспорты дамуда
«Дайын өнім қоймадағы тоңазытқышта сақталады. Өзіміз аулаймыз, өзіміз өңдейміз, өзіміз сатамыз. Барлығы бақылауда. Сапалы көксерке еті беті тегіс және ақ түсті болуы қажет. Тартымсыз келбет, қабыршақ қалдығы мен мұздың қалың болуы алдыңызда сапасыз өнім тұрғанын айқындайды. Бүгінгі таңда біз дайын өнімді Ресей Федерациясына, Дания мен Германияға экспорттаймыз, - деп түсіндірді компания директоры Аманбай Ерхатов.
«СПК Қызылорда балық» ЖШС компания өз қызметін бастаған күннен бастап тауардың және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруды бірден қолға алды. Осы бағытта мыңдаған тұтынушылардың сенімі, 2011 жылы компанияның балықтың тартылған етін шығаруы, СТ ҚР ИСО 22000-2006 сапа менеджменті жүйесін және балық өңдеу мен балық өніміне СТ ҚР ИСО 9001-2009 сапа менеджменті жүйесін енгізуі, сондай-ақ жаңа құрал-жабдықтар сатып алуы компанияның жетістікке жетуінің дәлелі бола алады.
«Ауланатын балық санының артуы өз кезегінде мұздатқыш камералардың да жетіспеуіне әкеп соқтырды. Мәселені шешу үшін біздің компания мұздатқыш камералар мен арнайы техникалар сатып алуға несие алды. Аталған жоба бойынша «Даму» Қорының 51 млн. теңге көлемінде кепілдендіруі арқасында несиеге қол жеткізіп, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдық. Осының нәтижесінде біз тұтынушыларымызбен жаңа келісім-шарттар жасасып, олардың санын арттыру мен қайта жаңарту жасадық және ең бастысы — жеткізу санын арттыра алдық. Ендігі кезекте, алдағы 2-3 жылда жобаның құны толық ақталады деген сенімдеміз. Жобаның тең жартысына кепілдік қоя отырып несие алу – бұл нақты мемлекет көмегі», — дейді кәсіпкер.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты