- Басты
- Жаңалықтар
- ІІМ елдегі есірткі бизнесімен күрес жұмыстары бойынша есеп берді
ІІМ елдегі есірткі бизнесімен күрес жұмыстары бойынша есеп берді
«Есірткі бизнесімен күрес департаменті биылғы жылдың 7 айында есірткімен байланысты 2 мың 123 қылмысты анықтап, ашты. Осындай қылмыс жасағандары үшін 3 мың 322 адам тұтқындалды. Заңсыз айналымнан 25 тонна 625 келі түрлі есірткілік заттар алынды. Оның 86 келісін героин, 115 келіден астамын гашиш құрады. Айта кететін мәселе, бізде гашиш есірткісін алу оқиғалары жиілеп кетті. Осы есірткі түрін тасымалдағаны үшін 30 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, 15 есірткі тасымалының жолы кесілді. Олардың ішінде 3 бағыт халықаралық деңгейге шығып кеткен»,- деді Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесімен күрес департаментінің бастығы.
Оның сөзінше, Қазақстан есірткі саналатын қарасора өсімдігі жайлаған алқап болатындықтан, елде 1-маусым мен 30 қыркүйек аралығында «Көкнәр» атты кең ауқымды операция басталды.
«Биылғы жылдың 1-маусым мен 30-қыркүйек аралығында құқық қорғау органдарының күш-қуаты тек есірткі тасымалдаушылармен және оны саудалаушылармен күреске ғана емес, қарасораны өсірумен айналысып жүрген азаматтарды да анықтап, жауапқа тартуға бағытталатын болады»,- деді С.Күсетов.
Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесімен күрес департаментінің бастығы Сұлтан Күсетов айтып өткендей, «Көкнәр» бағдарламасы жүзеге асқалы бері 2 айда 23 тонна 200 келі түріл есірткілік заттар алынды.
Ботагөз Айтжанова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді