• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сарапшылар ЕАЭО аясында өндіріс саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады

Сарапшылар ЕАЭО аясында өндіріс саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады

4 Тамыз, 2015 19:05
Мәскеуде еуразиялық экономикалық комиссиясының өкілдері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің сарапшыларымен ЕАЭО аясында өнідіріс саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

ЕЭК баспасөз қызметінен хабарлағандай, талқылауға Беларусь Республикасының Экономика министрлігі және Өндіріс министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Инвестициялар мен даму министрлігінің, Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігі мен Өндіріс пен сауда министрлігінің, Армения Республикасы мен Қырғызстан Республикасының сарапшылары қатысты.

Негізгі бағыттар жобасы Комиссияның өндірістік саясат департаментімен тараптардың сарапшыларын тартумен жасақталды.

«Негізгі бағыттар аясында экономикалық қызметтің басымдылық берілген басты түрлері және Одақ аясындағы өндірістік ынтымақтастық үшін қажетті тауарлар тізімі, сонымен қатар кеңес беру тәртібі анықталады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін ағымдағы жылдың мамыр айында Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО барлық мемлекеттерінде Негізгі бағыттар жобасын талқылау шараларының бірқатарын өткізді.

Аталып өткендей, келесі талқылау Астанада 12-15 тамыз аралығында өтеді.

 

 

Барлық жаңалықтар