- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстауда жастарға арналған туристік слет өтті (ФОТО)
Маңғыстауда жастарға арналған туристік слет өтті (ФОТО)
Слетті Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Бейресми демалыс шарасының басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салты, дене шынықтыру мен спортты насихаттау және енгізу, сонымен қатар, туған өлкенің табиғатымен таныстыру болып табылады. Туристік слет қатаң дала жағдайында өтті.
Жарыстарға облыстың 5 ауданынан 5 команда қатысты. Олар негізінен жастарды белсенді бөлігі, спортшылар, шығармашылық адамдары, кәсіпорындардың мамандары мен еріктілер. Оларға арналып палаткадан арнайы лагерь тұрғызылды. Аталған туристік слеттің ерекшелігі қазақ ертегілеріне арналған квест-ойын болды.
«Біз «Саура» алқабын бекер таңдаған жоқ екенбіз. Өйткені бұл мекенге халық осыдан 4 мың жыл бұрын қоныстанған. Оның дәлелі – осында орналасқан ежелгі қорған, ол кевст-ойындар үшін пайдаланылған. Бұл аймақтың өзі жалпы экстремалды туризмге аса ыңғайлы. Бұл жерде теңіз де, саяжай да, биік таулар да бар. Болашақта біз мұндай шараларды тұрақты түрде ұйымдастыратын боламыз. Бұл өте маңызды өйткені, Қазақстанда қазір республикалық туристік слеттер тек Көкшетау, Шығыс Қазақстан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында жаз мезгілінде ғана ұйымдастырылады»,-деді ұйымдастырушалардың бірі Бекболат Төлегенұлы.
Айта кетейік, жарыстың бағдарламасында туристердің тыныс-тіршілігі, дала жағдайында тағам дайындау, қиын аймақтардан өту, алау жағу, палатка тұрғызу, ән байқауы сияқты спорттық және ойын-сауық байқаулары бар. Байқауларда үздік шыққан азаматтар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті