• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сот жүйесі инстанцияларының сатыларын жаңғырту Жоғарғы соттың мағынасы мен рөлін арттырады

Сот жүйесі инстанцияларының сатыларын жаңғырту Жоғарғы соттың мағынасы мен рөлін арттырады

4 Тамыз, 2015 16:13
Сот жүйесі инстанцияларының сатыларын жаңғырту Жоғарғы соттың жоғарғы кассациялық инстанция ретінде мағынасы мен рөлін арттырады. ОКҚ-да өткен брифингте «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» үкіметтік емес ұйымының өкілі Ермек Абрасулов хабарлады.

«Сот жүйесі инстанцияларының сатыларын жаңғырту  Жоғарғы соттың жоғарғы кассациялық инстанция ретінде мағынасы мен ролін арттырады. Сонымен қатар, Конституция мен конституциялық заңнаманың дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді», - деді спикер.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы жариялаған «Ұлт жоспары  100 қадам» бағдарламасында сот жүйесі сатыларын жаңғырту қажеттілігі туралы атап өткен болатын. Ол әділет жүйесін бес кезеңнен 3 кезеңді жүйеге көшуін қарастырады.

Барлық жаңалықтар