Щучье қаласында тамыз айының соңына қарай биатлоннан ҚР чемпионаты өтеді

4 Тамыз, 2015 14:49
2015 жылдың 23-27 тамыз аралығында Ақмола облысының Щуче қаласында Қазақстанның биатлоннан жазғы кросс чемпионаты өтеді, деп хабарлады ҚР биатлон федерациясының президенті Айталап Құрғамбаев брифингте.

«Мені құрамадағы балалардың нәтижелерін жақсартуға ұмтылысы таңқалдырды. Мен бірқатар әдістерді ұсындым, қазақстандық спортшылар олардың кейбіреулерімен таныс емес болатын. Спортшылар жаңа технологияларды енгізуді қолдап отыр», - деді биатлоннан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының жаңа кеңесші-бапкері В. Польховский

Сонымен қатар, ҚР биатлон федерациясының президенті Айталап Құрғамбаев хабарлағандай, 2015 жылдың 23-27 тамыз аралығында Ақмола облысының Щуче қаласында Қазақстанның биатлоннан жазғы кросс чемпионаты өтеді. «Жарыс «Әскер» орталық спорт клубының оқу-жаттығу базасында өтеді», - деді ол.  

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар