- Басты
- Жаңалықтар
- АҚШ-та Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтеді
АҚШ-та Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтеді
3 және 12 тамыз аралығында АҚШ-та ҚР МСМ Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Асқар Тәжиев, сонымен қатар ҚР Ұлттық музейінің қызметкерлері қатысып жатқан IVLPondemand халықаралық сапарлар бағдарламасы өтуде.
Бағдарламаның ашылуы «WorldLearning» кеңсесінде өтті. Салтанатты шараға қазақстандық делегация мүшелерімен қатар, АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері де қатысты. Делегация жұмысы Смитсон институты, Тарихи объектілерді сақтау Ұлттық Қор Ассоциациясы, Джордж Вашингтон университеті, Нью-Мексико штатының Петроглиф ұлттық ескерткішіндегі ресми кездесулер, келіссөздер және тәжірибе алмасуды қамтиды.
Сапар аясында Вашингтондағы Джордж Вашингтон университеті мен Нью-Йорктегі Роберт Де Нироның «Tribeca» киностудиясында Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтеді.
«Қазақ хандығына 550 жыл» фильмі Қазақ хандығының құрылу тарихына арналған. Ол көне және ортағасырлардағы Шығыс Азия мен Ұлы Жібек жолы, монғол шапқыншылығы мен әлемнің геосаяси бөлінуі, қазақ халқын жаулап алу тарихнамасы, Шыңғысхан мұрагерлерінің арасындағы талас, 1465 жылы алғашқы дербес Қазақ хандығының құрылуы туралы баяндайды. Сонымен қатар кинофильмде Керей және Жәнібек, олардың ұлдары Қасым және Бұрындық билігі туралы жаңа деректері орын алған.
Естеріңізге сала кетейік, 1952 жылдан бастау алатын IVLPondemand халықаралық сапарлар бағдарламасы – АҚШ Мемлекеттік департаментінің ең көне және беделді кәсіби алмасу бағдарламаларының бірі. АҚШ-қа қысқамерзімді сапарлар барысында түрлі сала мамандары американдық әріптестерімен кездесіп, ұзақмерзімді ынтымақтастықтарын дамытады.
Жыл сайын АҚШ-қа IVLP бағдарламасы бойынша 5000 астам шетелдік қатысушылар келеді. Жалпы алғанда 200 000 шетелдік маман американдықтармен IVLP бағдарламасы көмегімен байланыс орнатты. Олардың арасында 330 қызметтегі және бұрынғы мемлекет басшылары мен департамент жетекшілері бар.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»