- Басты
- Жаңалықтар
- Танымал бапкер В.Польховский биатлоннан Қазақстан құрамасының кеңесші-бапкері болды (ВИДЕО)
Танымал бапкер В.Польховский биатлоннан Қазақстан құрамасының кеңесші-бапкері болды (ВИДЕО)
«Соңғы есеп-сайлау конференциясындамаған ҚР биатлон федерациясына басшылық ету жөнінде ұсыныс түсті. Федерация президенті етіп тағайындалғаннан кейін Қазақстан құрамасын одан әрі дамыту бойынша біздің арнайы бағдарламамыз дайындалды. Сондай-ақ биатлоннан Қазақстан құрамасының кеңесші-бапкеріне лайықты кандидаттар қарастырылды. Бапкерлер құрамымен келісе келе, өңірлердегі федерация филиалдарының өкілдері В.Польховскийдің кандидатурасын таңдады»,-деді ҚР биатлон федерациясының президенті Айталап Құрғамбаев брифингте.
Шара барысында биатлоннан Қазақстан Республикасы ұлтты құрамасының жаңа кеңесші-бапкері Валерий Польховскийге арнайы келісім берілді.
«Мен үшін бұл жаңа сын. Мен биатлонда өте ұзқ жылдар бойы қызмет етіп келемін, соның ішінде Кеңес Одағы тұсында да Ресейде де жұмыс істедім. Қазақстанның биатлон федерациясынан ұсыныс түскенде маған әрине, бәрін тастап, өзге елге кету жөнінде шешім қабьылдау оңай болған жоқ. Ол үшін біраз ойлану қажет болды. Біз федерация басшылығымен қазақстандық биатлонды дамыту туралы көп әңгімелестік. Енді біздің алдымызда тұрған басты міндет ұлттық құраманың жетістіктерін барынша ұлғайтып, қазақстандық спортшылардың халықаралық деңгейдегі жетістіктерін жетілдіру болып отыр»,-деді В.Польховский.
Сондай-ақ жиын барысына федерацияның жаңа басшылының жоспарлар туралы да айтылды. Оған сәйкес, Қазақстан құрамасы 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін ойындарға барынша көп лицензия жинап, 2017 жылы Кореяда өтетін қысқы Азия ойындарында сәтті өнер көрсету керек.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді