- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру үшін 40,9 млн теңге бөлінді
Алматы облысында «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру үшін 40,9 млн теңге бөлінді
Айта кетейік, жоба аясында бүгінгі таңда 1 мың 277-ге жеткен аз қамтылған, 365 отбасына шарты түрдегі әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануда. Аталған отбасылардың арасында еңбекке жарамды азаматтар саны 384.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Қаныбек Айтжановтың айтуынша, жобаны жүзеге асырудың алдында Еңбекшіқазақ ауданының 26 ауылдық округінде сонымен қаттар, облыстың барлық аудандары мен қалаларында арнайы жасақталған жедел топ тарапынан тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда аталмыш жобаға қатысуға Еңбекшіқазақ ауданынан 29 адам өтініш берді. Олардың 8-і тұрақты жұмысқа орналастырылып, 21-і қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберілді. Осылайша, жобаны жүзеге асыру жұмыстары белсенді түрде басталып та кетті.
Естеріңізге сала кетейік, «Өрлеу» отбасын белсендендіру үшін әлеуметтік келісім жасау негізінде отбасының еңбекке жарамды мүшелерінің «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» сияқты жұмыспен қамту бағдарламаларына белсенді қатысқан жағдайда шартты қаржылық көмек көрсетуді қарастыратын бағдарлама.
Бұдан бөлек, жоба жұмысқа орналасу, оқыту, қайта оқыту, жастар тәжірибесіне тарту, қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жмыс орындарына орналастыру сияқты мәселелерді қамтиды. Жобаның басты мақсаты – аз қамтылған отбасының еңбекке жарамды азаматтары мемлекеттен тек тиісті жәрдемақыларды алып қана қоймай, әлеуметтік жағынан беімделген, кәсіби жарамды болуын қамтамасыз етуді қарастырады. Аталған жоба 1-шілдеден бастап республиканың барлық аймақтарында жүзеге асырылуда.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады