• Басты
  • Жаңалықтар
  • Көптеген қазақстандық заңгерлер жоғары деңгейдегі халықаралық сотта жұмыс істейді - сарапшы

Көптеген қазақстандық заңгерлер жоғары деңгейдегі халықаралық сотта жұмыс істейді - сарапшы

4 Тамыз, 2015 12:24
Екінші институционалды реформа «Заңның үстемділігін қамтамасыз ету» Астанада Дубайдың тәжірибесі негізінде AIFC халықаралық арбитаж орталығын құруды көздейді. Алайда, көптеген қазақстандық заңгерлер қайта оқудан өтуді қажет етпейді және олар бүгіннің өзінде халықаралық деңгейдегі соттарда жұмыс істеуде, деп ағынан жарылды «Еуразиялық құқық қорғау оратлығы»ҮЕҰ өкілі Ермек Абрасулов ОКҚ-да өткен баспасөз конференцияда.

«Менің ойымша бұл жақсы ой. Барлық халықаралық соттар бір-бірінің тәжірибесін зерттейді. Ең қызықты, аты шулы шешімдер негізге алынады», - деді Е.Абрасулов.

Баламалы әділет, мемлекеттік емес, сарапшының пайымынша бәсекелестік деңгейін көтереді, ал мемлекеттік соттар өздерінің жұмыстарын жақсартуда жаңа мүмкіндіктерге ие болады.

«Менің есептеуімше, бүгінде қазақстандық заңгерлер жоғары деңгейдегі соттарда жұмыс істейді. Арнайы оқуды қажет етпейді, алайда жаңадан жұмысын бастағандар үшін оқу ұйымдастыруы керек», - деп атап өтті ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар