• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында 6 ай ішінде 464,7 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді

Ақтөбе облысында 6 ай ішінде 464,7 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді

4 Тамыз, 2015 12:41
Ақтөбе облысында 1-ші жартыжылдықтың қорынтындысы бойынша 464,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді, деп хабарлады облыс әкімінің бірінші орынбасары Роза Кемалова аппарат кездесуінде.

Тау-өңдеу саласы өндірісінің төмендеуіне қарамастан, металлургиялық кеннің кһлемі 4,4 пайызға өсті.

«Өңдеу өнеркәсібінде ФИК 114,1 пайызды құрайды. Көлем өсімі азық-түлік өндірісінің 16,4 пайызға, химия – 0,7 пайызға, металлургия – 22,3 пайызға өскенін көрсетеді», - деді Р.Кемалова.

Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін шығару бойынша оның өсімі 0,1 пайызға өсті, ол мал шаруашылығы өндірісінің өсуімен байланысты.

Сондай-ақ, облыста 181,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2014 жылдың көрсеткішін 3,6 пайызға озып тұр. Жүк айналымы 3,2 пайызға өсті.

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, 2015 жылдың 1 шілдесіне сәйкес шағын және орта бизнестің тіркелген субъектілері 58,0 мың бірлік, 85,7 пайызы әрекеттегі нысандар.

«10220 адамды жұмыспен қамту үшін 7780 жұмыс орны ашылды, ол өткен жылдық көрсеткіштен 0,4 пайызға жоғары. 5048 жұмыссыз жұмысқа орналасты, ол өткен жылдың көрсеткішінен 5,8 пайызға жоғары», - делінген хабарламада.

Облыс бюджетіне келетін болсақ, Р.Кемалова атап өткендей, облыс бюджеті өткен жылдікімен салыстырғанда 491,5 млн теңгеге жоғары, 1,2 пайызға жоғары. 2015 жылдың 1 тамызына сәйкес, облыс бюджеті  86 124,6 млн теңгеге қарастырылған.

 

Барлық жаңалықтар