- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысы Қазақ хандығының 550 жылдығына дайындалуда
Ақтөбе облысы Қазақ хандығының 550 жылдығына дайындалуда
Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың айтуынша, Астанада 12-13 қыркүйек аралығында «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтеді. Ақтөбе облысының өкілдері мерекеге арналған концерттік бағдарлама мен халықтың қолданбалы өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесіне қатысып, өз туындыларын ұсынады.
Облыстардың апталығы аясында Ақтөбе облысының делегациясы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысып, Таразда 8-9 қазан аралығында өтетін мерейтойлық іс-шараларға қатысады. Қазіргі таңда Ақтөбе облысына тапсырылған Тараз қаласындағы жол желісін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Ақтөбе өңірінде мерекелік іс-шаралар 1-3 қазанға жоспарланған. Мерекелік шаралардың арасында «Қазақ хандығының дамуы: оқиғалар, тұлғалар» атты халықаралық ғылыми конференция, профессор С.Әжіғалидың «Хан моласы: ақиқатқа апарар ұзақ жол» атты кітап-альбомының таныстырылымы, «ITFA-2015. Туризм. Саяхат. Спорт» XII өңірлік туризм көрмесі, «Шеберлер ауылы» шарасы мен Тілеубатыр Айтұлына арналған ескерткіштің ашылу рәсімі бар.
2-қазанда Әйтеке би ауданында Әбілқайыр ханның мемориалдық кешені мен этноауылдың, Толыбай ауылындағы Әбілқайыр ханның музейінің ашылу рәсімі болады. Сонымен қатар, мәдени іс-шаралар мен ұлттық спорт ойындары, қолданбалы өнердің республикалық көрме-жәрмеңкесі мен өзге де көптеген шаралар өтеді.
«Мемлекет басшысы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту туралы айтқанда, тарих пен ұлттық құндылықтардың қазақстандық қоғам мен әсіресе жастар үшін маңыздылығына ерекше мән берген болатын. Сондықтан, барлық жоспарланған шараларды жоғары деңгейде өткізу қажет»,-деді аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»