• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚазАгроӨнім 3 мың ІҚМ басынан жоғары бордақылау алаңдары құрылысының бағдарламасын жүзеге асырады

ҚазАгроӨнім 3 мың ІҚМ басынан жоғары бордақылау алаңдары құрылысының бағдарламасын жүзеге асырады

4 Тамыз, 2015 10:39
«ҚазАгроӨнім»АҚ 3 мың ІҚМ басынан жоғары бордақылау алаңдары құрылысының бағдарламасын жүзеге асырады, деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ.

Сиыр етінің өнеркәсіптік өндірісінің дамуына  тежеу қоятын осындай факторлардың бірі - озық технологияларды пайдаланатын ірі қара малды бордақылауға арналған  алаңдардың қуаттылығының жетіспеушілігі болып табылады.

  «Осыған байланысты, ағымдағы жылда «КазАгроӨнім» АҚ-мен ірі қара малды  өнеркәсіптік бордақылау инфрақұрылымын құру және экспортқа бағытталған сиыр еті өндірісінің көлемін өсіру мақсатында 3000 ІҚМ басынан жоғары бордақылау алаңдарының құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру басталды», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 3-4/14 бұйрығымен бордақылау алаңдарының құрылысы бойынша инвестициялық жобаларға техникалық тапсырманың негізгі талаптарын белгілеуі  үшін және олардың қаржыландыру механизмін әзірлеу бойынша Жұмыс тобы құрылды (бұдан әрі – Жұмыс тобы).

Сонымен қатар, мал шаруашылығы объектілерін жобалау саласындағы мамандар, мал шаруашылығы басшылары мен ғалымдар, «KazMeat» ЖШС құрамындағы «ҚазАгроӨнім» АҚ-ның сараптау комиссиясымен әр ұсынылған жобаны толық талдау бойынша жұмыс жүргізілді, соның нәтижесінде жобаның құнына да, оның технологиялық жабдықталуына да ықпалын тигізген ұсынымдар берілді. 

Ағымдағы жылдың тамыз айында «Мeat Processing and Service" ЖШС, «Қамысты Инвест» ЖШС, «Шаған Жер» ЖШС және т.б. бордақылау алаңдарының құрылысын бастау жоспарлануда.

3000 ІҚМ басынан жоғары бір мезгілде күтіп-бағуымен бордақылау алаңдарының құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы облыстардығы бірінші санаттағы бордақылау алаңдарының қажеттілік деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі стандарттар мен талаптарды ескере отырып, құрылған бордақылау алаңдар сиыр етінің өнеркәсіптік өндірісінің саласында локомотив болып және қарқынды бордақылау мен малды күтіп-бағу  технологиясын сақтамайтын қолданыстағы бордақылау алаңдарына   лайықты бәсекелестікті құрады. 

 

Барлық жаңалықтар