• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысындағы ең ірі, шағын футбол алаңы Октябрьский ауылында салынды

Қостанай облысындағы ең ірі, шағын футбол алаңы Октябрьский ауылында салынды

4 Тамыз, 2015 10:23
Қостанай облысының Октябрьский ауылында жасанды көгалмен жабылған және балаларға арналған ойын алаңы бар шағын футбол алаңы құрылысы әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш алаңның салтанатты ашылу рәсімі Октябрьский ауылында Еуразиялық топқа кіретін «Қазақстан аллюминиі» АҚ филиалының Қызыл октябрь бокситті рудабасқаруының 65 жылдық мерейтойының қарсаңында өтті. Жаңа нысанда өңір башысы Нұралы Сәдуақасов пен «Қазақстан аллюминиі» АҚ-ның президенті Арман Есенжолов болып қайтты.  

«Еуразиялық топ пен Қостанай облысының әкімдігінің арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында нысанның құрылысына компания 15 млн теңге бөлді. Футбол алаңы аталмыш меморандум аясында биылғы жылы жүзеге асырылған ең ірі деген жобалардың бірі болды»,-делінген хабарламада.   

Футбол алаңын салу осы өңірдегі салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы тағы бір қарышты қадамдардың бірі деуге болады. Заманға сай нысандар ыңғайлылық және қауіпсіздік талаптарына жауап береді, яғни ол жасанды көгалмен жабылып, жарықтандырылып, спортпен айналысуға қажетті барлық қажеттіліктер жасалған.  

«Адам сенгісіз, өйткені осыдан тек  екі ай бұрын ғана бұл аймақ бос жатқан ашық алаңқай болатын. Біздің бірлескен қимылдарымызға орай тиісті жұмыстар өте қысқа мерзімді жүзеге асырылды. Әзірге осы өңірде аталған алаңаға тең келетін спорт нысаны жоқ. Бұл жерде спортпен балалар да ересектер де айналысатын болады және мұндағы спортшылардың жетістіктерімен тек қостанайлықтар ғана емес, бүкіл Қазақстан мақтанатын болады деген үміттеміз»,-деді Арман Есенжолов.    

Бұдан бөлек, жас спортшыларға компания өкілдері жаңа кәсіби спорт формасы мен доптарды сыйға тартты.  

Биылғы жылы еуразиялық топ Қостанайдың абаттандыру мен  әлеуметтік дамуына 800 млн теңге салмақшы. Тек соңғы 3 жылдың өзінде компания өңірді дамыту үшін 2,7 млрд теңге салды. 

  

Барлық жаңалықтар