Ақсарайда өткен жиынға ТҮРКСОЙ-ға мүше 18 мемлекеттің өкілдері қатысты

4 Тамыз, 2015 09:14
Түркияның Ақсарай қаласында өткен плэнерге Халықаралық түрік мәдениеті ұйымы ТҮРКСОЙ-ға мүше 18 мемлекеттің суретшілері қатысты, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш көрменің ашылу рәсімінде қала мэрі Халюк Шахин Язгы  аталмыш шараның Ақсарай үшін маңызы өте үлкен екендігін атап өтті. Ол бүгініг көрмеге қойылған туындылардың барлығы ТҮРКСОЙ тарапынан бүкіл әлемге таратылатынын атап өтті. Осылайша, Ақсарайдың мәдени құндылықтарымен бүкіл әлем танысатын болады.

Өз кезегінде ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы  Дюсен Қасейінов Ақсарй әкімшілігіне шын жүректен қарсы алғандары үшін және осы жиынды ұйымдастыру ісіне атсалысқаны үшін алғысын білдірді.

«ТҮРКСОЙ суретшілерінің басқосу аталмыш халықаралық ұйымның күн тәртібіндегі мәселелердің арасында маңызды орынға ие.  Аталған кездесуді шығармашылық ортасы көркем шығармашылық алмасу мен мәдениеттерді байытуға мүмкіндік береді. Бүгінгі кездесуде ұсынылатын туындылар ТҮРКСОЙ-дың коллекциясын жаңғыртып, әлемнің көптеген халықтарының түрік мәдениетімен танысуларына мүмкіндік жасайды»,-деді халықаралық ұйымның БАС хатшысы.

Түрік мемлекеттерінің суретшілері екі апта бойынша көрмеге қойылған 100-ден астам суреттерді дайындады. Көрме жергілікті тұрғындар мен ақпарат құралдарын өкілдерінң арасында зор қызығушылық тудырды.

21 суретші үшін Ақсарайдағы кездесу орта ғасырдағы селжүктердің үлкен мешітімен танысуға жасалған жақсы мүмкіндік болды. Сондай-ақ олар Зинджирийе медресесімен, Агзықарахан керуен сарайымен танысып, Ихлара, Гузельюрт алқабы мен Нарлыгель көлін тамашалады.  

Қазақстанның атынан аталмыш жиында Абдулхан Тлеужанов өнерін ұсынды.   

 

Барлық жаңалықтар