• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Танк биатлонының» бірінші кезеңінде Қазақстан 13 қатысушы мемлекетті басып озды

«Танк биатлонының» бірінші кезеңінде Қазақстан 13 қатысушы мемлекетті басып озды

3 Тамыз, 2015 20:03
Қазақстандық танкішілер «Танк биатлонының» бірінші кезеңін зор жеңіспен аяқтады. Жалпы ұзындығы 21 шақырымдық үш айналымды біздің экипаж 26 минут 7 секунд ішінде еңсерді. Осылайша, алдын ала қорытынды бойынша жеке жарыста танкішілеріміз үздік нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бірінші қазақстандық танк экипажының басы қасында лейтенант Асылбек Мүсірманқұлов, құрамында сержант Ерасыл Жұмағұлов пен сержант Думан Байжанов екенін айта кеткен жөн.

Үйлесімді жұмыс пен экипаждың әрбір қатысушының өзінің жауынгерлік тапсырмасын дәл орындауының арқасында  мұндай сәтті нәтижеге қол жеткізіп, әр елден келген он үш мықты қарсыласты шаң қақтырды.   

«Біздің экипаж бастау алды және бірінші минуттардан қашықтық бойынша сенімді өтті. Барлық жарыс бойы сабырлық сақтап, барынша ден қойдық.  Әрқайсымыз не істеу керек екенін жақсы білдік және өзінің тапсырмасын мүлтіксіз орындауға тырысты», - дейді экипаж командирі лейтенант Асылбек Мүсірманқұлов.  

Танкішілеріміз қуатты бастады және алға қарай ілгеріледі, бірақ, мұнымен «Танк биатлоны» аяқталмайды. Шешуші сәтте қатысушыларды тағы да бірқатар сынақ күтіп тұр.



 

Барлық жаңалықтар