- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстан хандығының 550 жылдығын атап өтудегі басты мақсат – патриотизмді нығайту
Н.Назарбаев: Қазақстан хандығының 550 жылдығын атап өтудегі басты мақсат – патриотизмді нығайту
Кездесу барысында Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселелері, сондай-ақ «100 нақты қадам» ұлттық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру аясындағы министрліктің қызметі талқыланды.
Мемлекет басшысы мерекелік шараларды даярлау барысында негізгі салмақ Мәдениет және спорт министрлігіне түсетінін айтты.
Осы жылдар ішінде Мемлекет тарихы институты құрылды, көптеген ғалымдарымыз тарихи материалдар іздеп табу және оларды жан-жақты зерделеу үшін шетелдерге шықты. Ел болу үшін, сондай-ақ жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу үшін бізге Қазақстанның шынайы тарихы керек, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті мерейтойды қалыптасқан күрделі экономикалық жағдайда артық шығынсыз, бірақ халық жадында қалатындай сапалы өткізу керектігін айтты. Мемлекет басшысы мерейтойлық шараның басты мақсаты барша қазақстандықтардың патриотизмін нығайту және олардың рухани тұрғыдан өсіп-жетілуін қамтамасыз ету болып саналатынын атап өтті.
Мәдениет және спорт министрі мерекелік шаралар Астанада және Таразда өтетінін айтты.
Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу қазақ халқының біртектілігі мен бірлігін нығайту үшін өте маңызды. Біз бірінші кезекте халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізуге көңіл бөлеміз. Сонымен қатар, қазіргі кезде Таразда этнографиялық музей және орталық салынуда. Маңызды археологиялық жұмыстар жүргізілуде, – деді А.Мұхамедиұлы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді