Қазақстанда жекешелендіру аясында 190 нысан сатылды– Қаржы министрлігі

4 Тамыз, 2015 09:31
Қазақстанда биылғы жылдың 31-шілдесіндегі мәліметтер бойынша, жекешелендіру жұмыстарының аясында 190 нысан сатылып кетті, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі.

Хабарлама мәліметтері бойынша, 2014-2015 жылдарды қамтитын жекешелендірудің кешенді бағдарламасы бойынша 493 нысан сатуға және нысанды кейін сатып алу үшін сенімді басқаруға беруге жоспарланған.

«2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың шілдесі аралығында 382 нысан жекешелендіруге жататын болған. 2015 жылдың 31 шілдесіне дейін іс жүзінде 351 нысан сатуға шығарылып, олардың 190-ы сатылған, 1-уі кейін сатып алу үшін сенімді басқаруға берілген. Олардың арасында республикалық меншіктен 10 нысан, коммуналдық меншіктен 84 нысан, ӘКК-нан 56 нысан, холдингтердің меншігінен 42 нысан сатылды»,-делінген хабарламада.

Бұл ретте, сатудан түскен жалпы қаржының көлемі: республикалық меншік бойынша 2 730 млн теңгені, коммуналдық меншік бойынша 1 277 млн теңгені, Холдингтер бойынша 60 835 млн және ӘКК бойынша 2 917 млн теңгені құрады.      

Барлық жаңалықтар