- Басты
- ҚР-ның Аустриядағы елшісі Каринтия басшылығына «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуын таныстырды
ҚР-ның Аустриядағы елшісі Каринтия басшылығына «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуын таныстырды

Сапар шеңберінде федералдық өңірдің саяси басшылығымен, іскерлік және мәдени топтарымен, атап айтқанда Жер парламентінің президенті Райнхарт Рормен, Каринтияның Жер үкіметі басшысының орынбасары Беате Преттнермен, жетекші өнеркәсіп компанияларының өкілдерімен, сондай-ақ Филлахе қаласының фольклорлық фестивалінің ұйымдастырушыларымен кездесулер өтті.
Каринтия басшылығымен кездесулер кезінде аустриялық тарап Қазақстанның саяси және экономикалық жағдайы, бес институционалдық реформа мен оны жүзеге асыру бойынша«100нақты қадам» аясында еліміздің ілгері даму жоспары туралы және«ЭКСПО-2017»халықаралық мамандырылған көрмеге дайындық, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру, 2017 жылғы Қысқы Универсиаданыөткізу шеңберінде Қазақстанмен ынтымақтасу мүмкіндіктері туралы хабарланды.
Қ.Сарыбай Каринтияның Қазақстанмен ынтымақтастығын оңалтуға мүдделі жетекші индустриялдық компаниялар басшылығымен кездесіп, олар Қазақстандағы өз жобалары мен жоспарлары туралы ақпарат берді. Аустриялық іскерліктоптарының өкілдері алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге қызығушылық танытып, оның «болашақ энергиясы» атты тақырыбы Каринтияныңэнергияның экологиялық таза және жаңартылмалы түрлері дамуында зор тәжірибесі бар фирмаларыныңмүдделеріне сай деп атап өтті. Каринтия қыстық спорт түрлерін дамытуда тәжірибесімол компаниялары, оның ішінде «Bellutti Planen Klagenfurt GmbHС» компаниясы Алматы қаласында 2017 жылғы Қысқы Универсиадасын дайындауда атсалысуда.
«ЭКСПО-2017» мен Алматы Қысқы Универсиадасын дайындау тақырыбында аустриялық серіктестері, сонымен бірге, Қазақстанның туристік әлеуетін дамытуда қолғабыс көрсетуге дайын екендігін білдірді.
Елші, сонымен қатар, Филлахе қаласында жыл сайын өтетін Еуропаның ірі фольклорлық фестивалі ұйымдастырушыларымен жәнеқала басшылығымен кездесіп, Қазақстанның іс-шараға қатысу мүмкіндігімен танысты.
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді
-
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
-
Су саласын цифрландыру, заңнаманы жетілдіру қалай жүзеге асуда
-
«Нұрлы жол» бағдарламасы: Көлік-логистика инфрақұрылымының дамуы
-
Ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету қалай жүзеге асады
-
«Ақ жол» демократиялық партиясы мәлімдеме жасады
-
Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуі қалай жүзеге асып жатыр
-
«Ақжол» партиясының басшылығы Президент Жолдауында көрсетілген шаралар туралы айтты
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа құрылғымен таныстырды
-
Жолдау-2020: Мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту қалай жүзеге асады
-
Азаматтарды күзгі әскерге шақыру процесі қалай жүзеге асады

