Ақмола облысында Экстрималды туризм орталығы ашылады

3 Тамыз, 2015 18:34
Сандықтау ауданында «Достық» МТК негізінде Экстрималды туризм орталығын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде, жоба аясында шаңғы жалға беріліп, снегоходтарда жүру жүзеге асады, деп хабарлады «Ақмола медиа Орталығы».

Сондай-ақ, бұл орында фитнес-клуб жұмыс жасайды.

Сандықтау ауданында турситік орталық салынды, отбасылық демалу үшін бес қонақ үйінің құрылысы жүруде, үш туристік бағыт ашылды, оның бірі – ат спорты. Киіз үйлер тігіліп, жазғы демалысты қамтамасыз ету үшін катерлер мен катамарандар жеткізіледі.

«Достық» мәдени турситік кешені жұмыс істеуде, қонақ үйде 85 орын бар. 

Барлық жаңалықтар