СҚО-да оқу мекемелерін күрделі жөндеуден өткізу үшін 600 млн теңге бөлінді

3 Тамыз, 2015 20:21
СҚО-да 30 оқу мекемесін жөндеуден өткізу үшін 594,5 млн теңге бөлінді, деді Білім беру басқармасы жетекшісінің орынбасары Владимир Ткаченко аппрат отырысы кезінде.

«Осы жылы оқу мекемелерін күрделі жөндеуден өткізу үшін 594,5 млн теңге бөлінді, оның ішінде «Жұмыспаен қамтудың жол картасы-2020»  бойынша республикалық бюджеттен 420,37 млн теңге, жергілікті бюджеттен – 174,16 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға мекемелер, шатырлар, сумен жабдықтау жүйесі мен кәріз жолдары жөнделеді», - деді ол.

Өңірдің әкімдігі хабарлағандай, барлық облыстық мекемелер бойынша қазандықтардың, жылу беру жүйесі жөнделуде. Көмір тасымалдау бойынша келісім шарт қойылды. Қазіргі таңда сақтау жеріне шығару жұмысы жүзеге асырылуда.

Облыста 2015-2016 жылдары 536 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеуде, онда 76 080 мың оқушы білім алады.

 

Барлық жаңалықтар