- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Женалаев: «SOS балалар ауылы» - балалар мен жастарға көмек көрсететін бірден-бір жоба
Б.Женалаев: «SOS балалар ауылы» - балалар мен жастарға көмек көрсететін бірден-бір жоба
«1997 жылы ең бірінші қатарға қосылған Алматы балалар ауылы, SOS балалар ауылы Ұлттық қауымдастығы дамуының алғашқы сатысы болып табылады. Өз қызметін «SOS Астана балалар ауылы» Астана қаласында 2000 жылы бастаса, Теміртау қаласында «SOS балалар ауылы» 2004 жылы жалғасты. Бүгінгі таңда балалар ауылында 345 бала тұрады, олар жастарына сәйкес білім алып, толық қамқорлықпен қамтамасыз етілген. 800-ден астам балалар мен олардың жанұялары «Отбасын қамту SOS жобалары» арқылы жан-жақты қолдау тауып отыр», - деді ол.
Балалар ауылындағы тәрбиелеу кезеңінің негізі: баланың жан-жақты дамуының жеке жоспары, олардың мүмкіндіктерін айқындайтын бағдар болып табылады.
SOS балалар ауылының Жастар жобасы балалар ауылындағы жасөспірімдерді қоғамға тез бейімделуге, өзіне және қасындағы жақындарына жауапкершілікпен қарауға, өз бетінше өмір сүруге жағдай жасайды. Балалар ауылының тәрбиеленушілерін қолдап-қорғау, көмек көрсету олар мектеп бітіргеннен кейін де өз жалғасын тауып отырады. 15-16 жастағы ересек балалар отбасылық жанұядан жасөспірімдер үйіне ауыстырылады, ол жерде оқып, мамандық алып шыққанша 3-4 жыл тұрады. Бұл кезде ұстаз-тәлімгерлер жасөспірімдердің оқуына, жұмысқа орналасуына көмектесіп отырады. Балалар өз бетімен өмір сүруге дағдыланады.
«Бүгінгі таңда педагогикалық, әлеуметтік және экономикалық жағдайдағы отбасылық тәрбие Қазақстан Республикасының Заңнамасында тиімді қолдау тапты. Мемлекеттік Балалар ауылының отбасылық тәрбие моделінің табысты жүзеге асырылуы аясында, 2001 жылы Қазақстан Республикасының «Балалар ауылы мен Жасөспірімдер үйі туралы» Заң қабылданды. Елімізде 10-ға жуық Балалар ауылы бар және олардың саны жалғасын арттыруда», - деді ол.
Ботагөз Айтжанова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері