- Басты
- Жаңалықтар
- Контейнерлік пойыз Қазақстан мен Каспий теңізі арқылы 3500 шақырым ұзақ жолды бес тәулікте жүріп өтті - ҚТЖ
Контейнерлік пойыз Қазақстан мен Каспий теңізі арқылы 3500 шақырым ұзақ жолды бес тәулікте жүріп өтті - ҚТЖ

Контейнерлік пойыз Қазақстан мен Каспий теңізі арқылы 3500 шақырым ұзақ жолды бес тәулікте жүріп өтті. Пойыз Достық станциясынан Ақтау портына барды. Ақтаудан паром арқылы Азербайжан Республикасының Алят портына жеткізілді. Одан әрі қарай Баку маңындағы Кишлы станциясына бағыт алды.
Аталмыш бағдар жаңа экономикалық «Нұрлы жол» саясаты аясында жүзеге асырылуда. Мемлекеттік «Қазақстан –Жаңа Жібек жолы» бағдарламасының маңызды бөлігі.
Пойызды күтіп алу салтанатында сөз сөйлеген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Транскаспий бағдарының Қазақстан мен Әзербайжан мемлекеттерінің әлеуетін көтеруге Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік көпір қызметін атқаратындығын атап өтті. Оның айтуынша, Транскаспий бағдарының негізгі бөлігі болып табылатын Карс-Ахалкалаки темір жолы пайдалануға берілсе, аталмыш бағдардағы жүк тасымалы зор серпін алады».
Өз кезегінде «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Д. Гурбанов осы бағдардың маңызды екендігіне тоқталып, қазақстан тарабының халықаралық жобаға белсенді қатысып отырғандығына алғысын білдірді.
Асқар Маминнің айтуынша, аймақтағы елдердің арасындағы тауар айналымын есепке алған кезде, Транскаспий контейнерлік тасымалы 2020 жылдарға қарай шамамен 300 мың жиырма футтық эквивалентті құрайды. Бұл жоба Қытай, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия мен Түркия мемлекеттерінің темір жолдары, Каспий теңіз порттары, кеме жүру кеңістігі, терминалдардағы сервистік қызметтері жеткізудің барынша оңтайлы жолдарын қарастырғанда, барлық мультимодальдық шешімдерді үйлестіргенде, бірыңғай тарифтік саясатты жүзеге асырғанда мүмкіндік ала алады.
Аталмыш бағдар Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін арттырады. Транскаспий халықаралық көлік бағдарындағы бәсекелестікті өсіреді. Қазірдің өзінде осы бағдарға еуропалық елдердің жүк жөнелтушілері де қызығушылық танытып отыр.
Транзиттік және сыртқы сауда жүктерін тасымалдауға тарту үшін бірыңғай бәсекелестікке сай темір жол тарифы енгізіледі және жалпыға ортақ жол қозғалысы технологиясы қолданылады.
Болашақта контейнерлік пойыздар бағыты дамытылып, Үйлестіру комитетіне мүше елдердің бағдарына Қазақстан арқылы транзиттік жолмен Түркияға одан Еуропаға бет алады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция

